» дог овощ каз




 

дог овощ каз

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық

-құқықтық нысанында құрылған мектепке

дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім

балалар мен ата-аналарының

қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған

білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және

білім алушы балаларды тамақтандыруды

қамтамасыз етуге байланысты тауарларды

сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық

құжаттамаға 7-қосымша

 

Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалармен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізілімінің үлгілік шарты

 

Қарағанды қаласы          «___» ____________ 2016 ж.

 

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп Қарағанды облысы білім басқармасының  «Асем» балалар үйі» КММ атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін директор С.В. Прокопив бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын ____________________________атынан (өнім беруші – конкурс жеңімпазының толық атауы) _____________________________ (жекекәсіпкерді тіркеу туралы куәлік, Жарғы және басқасы) негізінде әрекет ететін_________________________(лауазымы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан, Мектепке дейінгі білімберу ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беруұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 20___жылғы «___» _______ өткен тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі конкурс қорытындыларытуралы хаттама негізінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларжеткізілімінің шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:

1.Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі– Шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алады.

261- Әкімші- облыстық білім беру басқармасы

015-Бюджеттік бағдарлама- «Жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету»;

100- ішкі бағдарлама- «Балалар үйі»;

141- ерекшелік-«Азық-түлікті сатып алу»

  1. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

1) дүлей күш (форс-мажор) – төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және басқалары). Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiнқажеттi тауарлардың рынокта болмауы жатпайды;

2) «Өнім беруші» – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда),Тапсырыс берушімен жасасқан шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін тұлға.

3) «Тапсырыс беруші» – орган немесе мектепке дейінгі білім беру ұйымы немесе жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы.

4) «Тауар» – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауар.

5) «Шарт» – Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жазбаша нысанда жазылған, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойғаназаматтық-құқықтық акт;

6) «Шарттың бағасы» Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе жартылай орындамаған жағдайда,егер ол дүлей күш нәтижесі болып табылса жауапкершілік артпайды.

  1. Төменде көрсетілген құжаттар мен оларда айтылған жағдайлар, осы Шартты құрайды жәнеоның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

1) осы Шарт;

2) техникалық тапсырма;

3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

  1. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi (банктік кепілдеме, кепілдік ақшалай жарна төлеу) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген жағдайларда енгiзеді.
  2. Өнім берушінің үшінші тұлғалардың тұтастай не Шартты қамтамасыз етуді орындау бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді пайдалануына жолберілмейді.
  3. Шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарынасәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде өнім беруші тарапынанбұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі ретұзартылады.
  4. Өнім беруші жеткізуді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық тапсырмаға сәйкес тауарларды қабылдауды және төлеуді міндетіне алады.Ақы төлеу нысаны -аударым.
  5. Төлеу мерзімі тауарды жеткізген мерзімнен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде.
  6. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар: шот-фактура. накладная
  7. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасынадамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесеосы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адамберген құжаттаманы немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпиятүрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
  8. Өнім берушінің тауарды жеткізуді төлеуді іс жүзінде орындау бойынша осы Шарттың 8және 9 тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізіледі.
  9. Тауарлардың құны _____ теңгені құрайды.
  10. Өнім берушімен тауарларды жеткізу Тапсырыс берушінің өтініші бойынша 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
  11. Өнім беруші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіру Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап, тауарларды жеткізуді уақытылы орындамағаны немесе заңнамада қарастырылған басқашаралар үшін тұрақсыздық айыбын төлеп Тапсырыс берушімен Шартты бұзуына негіз болып табылады.
  12. Егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде тауарды жеткізбесе, Тапсырыс беруші шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
  13. Шарт талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:

1) егер Өнім беруші тауар бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;

2) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұзады.

  1. Дүлей күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге бір жұмыс күнішінде мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жібереді. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жалғастырады және дүлей күшке байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерініздеуді жүргізеді.
  2. Өнім беруші, осы Шарттың 17-тармағының талаптарын орындаған жағдайда егер Шартты орындауды кешіктіру дүлей күш нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оныбұзуға жауапкершілік жүктемейді.
  3. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші төлеуге қабілетсіз болса немесе Жосықсыз әлеуеттіөнім берушілердің тізіліміне енсе, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, кезкелген уақытта Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу залал келтірмесе немесе іс-әрекеттерді жасауға қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе соңынан қойылатын санкцияларды қолданатын жағдайда Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
  4. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әріорындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шарттыбұзудың себебі көрсетіледі, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күні көрсетіледі.
  5. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шартбойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күні іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы төленеді.
  6. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге баркүш-жігерін жұмсайды.
  7. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәселені шешеді.
  8. Шарт мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады.
  9. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама, кейін түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
  10. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламадакөрсетілсе), бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты күшіне енеді.
  11. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
  12. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
  13. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
  14. Осы Үлгілік шарт тауарларды сатып алуды Тапсырыс беруші жүзеге асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді.Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуі тиіс.
  15. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:

 

  Қарағанды облысы білім басқармасының «Асем» балалар үйі» коммулалдық мемлекеттік мекемесі

Өнім беруші


____________________________
(толық атауы)

100022. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чехов көшесі, 8 үй

______________________________
(мекенжайы)

Телефон 87212305265

________________________________(телефон,  факс)

БСН 020240003193

ЖСК KZ85070102KSN3001000

БСКKKMFKZ2A

 «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Қомитеті» РММ

_______________________________
(тегі, аты, әкесініңаты (бар болса)

Директор _____________________ Прокопив С.В.

                                   (қолы)

_______________________________
(қолы)

«___»____________________ ____ж.

М.О.

«___»____________________ ____ж.

М.О.

 

Аумақтық қазынашылық органында тіркеу күні ____________________

 

 

скачать софт Нужно зайти и бесплатные программы скачать для пк, а так же фильмы смотреть онлайн на кинопортале или скачать Купить шаблоны для DLE на лучшем портале