Детский дом Асем » объявление каз сок
Конкурс туралы хабарлама
Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысы білім беру басқармасының «Асем» балалар үйі» КММ
Мекенжайы: 100022, Қарағанды қаласы, Чехов көшесі, «Асем» балалар үйі» КММ email: detdomasem@ddasem.kz
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың тамақтануын қамтамасыз етуге байланысты, тауарларды таңдау үшін ашық тендер (жеміс жидек шырыны), өтетіндігі туралы хабарлайды:
Жеміс-жидек шырыны саны - 1800 литр, бағасы 220 тенге әр литр үшін
Бұл өнім жеткізіледі: Қарағанды қаласы, Чехов көшесі, 8 үй. Сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі сипаттамасы тендерлік құжаттамада көрсетілген.
2016 - жылдың 4 тоқсаны тауарларды жеткізу үшін талап етілетін мерзім.
Конкурсқа конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакетін 2016 - жылы «17» - қыркүйек сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін мына мекенжайда: Индексі 100022 Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Асем» балалар үйі» КММ және интернет-ресурста http://ddasem.kz бойынша, бухгалтерлік кеңсесінен алуға болады.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер мөрленген конвертке салынған әлеуметті жеткізушілерден Қарағанды облысы білім беру басқармасының «Асем» балалар үйі» КММ, мекен- жайы: индексі 100022 Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Асем» балалар үйі» КММ, бухгалтерлік кеңсесі Коновалова А.С. –ға 2016 жылғы 10 - қазан уақыты 10 сағат 00 минутта жіберіледі.
Конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсынудың ақырғы мерзімі 2016 - жылы 10 – қазан сағат 10.30-ға дейін қосымша.
Тендерге қатысу үшін өтінімдер салынған конверттер мына мекенжай бойынша ашылады: Индексі 100022 Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чехов көшесі, 8 үйі «Асем» балалар үйі» КММ, директордың кабинеті, 2016 – жылғы 10 – қазан, сағат 12:00-де.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефон бойынша алуға болады: +77212305215, +77212313815